Қызмет етуге дайынбыз

Уақыты: 16.07.2024
Оқылды: 309
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Панфилов ауданының, Қоңырөлең, Бөрібай би, Ынталы, Сарытөбе ауылдарында сайлаушылармен кездесу өтті. Кездесу барысында облыстық мәслихаттың және  Жетісу  облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаты ретінде 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы  толық ақпарат берілді.

2023 жылы тұрақты комиссиялардың 34 отырысы өтті. Онда 90 мәселе қаралды. Олардың қорытындысы бойынша 108 ұсыным қабылданды. Оның 53-і іс жүзінде орындалды, 9 ұсыныс назарға алу үшін берілді, 3 ұсыныс 2024 жылға өтпелі, 43 ұсыныс мемлекеттік органдарда орындалуда. 

2023 жылға 4 кезекті және 8 кезектен тыс сессия отырыстарына қатысып, 72 жалпы және 16 нормативтік құқықтық сипаттағы, әділет органдарында тіркеуге жататын шешімдер қабылданды. Облыстық мәслихаттың индустриялық-инновациялық, көліктік-логистикалық даму, кіші және орта бизнесті және туризм мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының мүшесі ретінде 2023 жылы 6 отырысқа қатысып, берілген 46 ұсыныстың 32-і шешілуіне ықпал еттік. 

Облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева және облыстық мәслихат депутаттарымен бірлесе Жаркент қаласындағы 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысымен, мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне арналған жатақханалардағы күрделі жөндеу жұмыстарымен таныстық. Н. Головацкий ауылындағы Мәдениет үйінің және Н. Головацкий атындағы орта мектептің құрылысы, «Сарыөзек-Көктал» автожолының 45-68 шақырымдарының жөндеу жұмыстары бойынша мониторинг жұмыстары атқарылды. Мониторинг барысында бірқатар ұсыныс, тапсырмалар берілді.

Депутат ретінде сайлау округі бойынша проблемалық мәселелерді шешу мақсатында Жол картасын әзірлеп, 24 мәселе енгізілді. Қазіргі таңда 10 мәселе шешімін тауып, 14 мәселе орындалуда. 

Жалпы депутат – халық қалаулысы. Олар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе ауданның әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу, сайлаушылардың талап-тілектері мен ұсыныс-пікірлерінің орындалуына бағытталған шараларды  жүзеге асырады. Осы жұмыстың жоғары деңгейде атқарылуына бойымыздағы бар білім мен күш-жігерімізді арнап қызмет етуге дайынбыз. 

Медет МҰҚАТАЙ,
облыстық мәслихат депутаты