Тиімді жоба

Уақыты: 16.07.2024
Оқылды: 328
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Гидроэлектростансысы (ГЭС) – арналық су ағындары мен толқынды су қозғалыстарын энергия көзі ретінде пайдаланатын электр стансысы және гидротехникалық құрылыстың түрі.   

Су электр стансылары әдетте өзендерде салынады. 2009 жылы құрылған «Қаратал ГЭС » ЖШС компаниясы «АСПМК-519» ЖШС-іне еншілес кәсіпорын. Оның негізгі қызметі электр қуатын өндіру, электр стансылары мен желілерін және қосалқы стансыларды пайдалану. Кәсіпорын жұмысы Ескелді ауданының Қора өзенінде орналасқан үш гидроэлектростансысын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. 

ГЭС құрылысының мақсаты облыстағы тапшы энергия жүйесіне электр қуатын жеткізу үшін электр энергиясының көзін құру. «Қазақстан Халық Банк» акционерлік қоғамына жүгінген «Қаратал ГЭС каскады» ЖШС ГЭС құрылысына несие алды. Жоба субсидиялау құралы бойынша «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде «Даму» қорының қолдауына ие болды. 

Қора өзенінде ГЭС каскадын салу жобасы облыс үшін экономикалық жағынан тиімді. Бұл аймақтағы бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр қуатына қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Стансылардың жалпы қуаты 12 МВт., жылына электр қуатын өндіру көлемі 60 млн. кВт. сағатты құрайды.

Айгүл Байжұмақызы
Ескелді ауданы
Фото: the-steppe.com