Ақын рухына арналды

Уақыты: 16.07.2024
Оқылды: 369
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР ҰҚК Шегара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл аудандағы шегара басқармасында кітапхана бөлімінің ұйымдастыруымен «Мен жастарға сенемін» атты поэзия кеші өтті.

Кеш техникалық және кәсіби дайындық бөлімі сарбаздарының қатысуымен ұйымдастырылды. Мерзімді әскери қызметтің қатардағы жауынгерлері Елдар Бейбітұлы, Әлихан Алмабай, Ерлік Қазыбектер әннен шашу шашса, Нариман Ералиев, Дәлел Тоқтарбек, Сұлтанбек Мыңжасаров, Ерасыл Бекбосын, Дамир Батталдар Мағжан Жұмабаев өлеңін тебірене оқыды. Нақышына келтіре орындалған туындылар көрерменді сырлы сезімге бөледі. Мерей Мәулетбек «Ер Тұран» күйін орындап, тыңдарманның құлақ құрышын қандырса, Жанат Қабдолдаева көрерменге ойын ұйымдастырды. Сыршыл ақынның кез келген жырынан бір шумақ оқып, тақырыбын жасырды. Сарбаздар оны табуға тырысты. Көңілді бір серпілткен бұл шара сарбаздардың бойында отансүйгіштік қасиетінің одан әрі асқақтауына септесті. 

М. Мақсым