Талдықорғанда қоқыс алаңдары залалсыздандырылуда

Уақыты: 17.07.2024
Оқылды: 260
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласындағы қоқыс алаңдары тегіс жуылып, арнайы дәрілік сұйықтықтармен залалсыздандырылып жатыр.

Сала мамандарының сөзінше, залалсыздандыру жұмыстары бұрын айына бір рет жүгізілетін. Енді жаз айларында екі мәрте жүргізу көзделген. Осы барыста қоқыс жәшіктері арнайы қоспа қосылған сумен жуылып, аумағына зиянкестерден қорғайтын дәрі себіліп, ретке келтірілуде. Сонымен қатар, Талдықорған қаласы бойынша биыл жыл соңына дейін тағы 500-ден астам жаңа қоқыс контейнерлерін әкеліп қою жоспарда.

 – «Мұндай залалсыздандыру шараларының жиі жүргізіліп тұрғаны құптарлық іс. Себебі, жазда күннің ыстығына байланысты қоқыс жәшіктеріне салынған тамақ және өзге де бұзылған жеміс-жидектердің қалдықтары тез сасып бүкіл аумағын ластайды. Тіпті, кейбір қоқыс алаңдарының маңынан өту мүмкін емес. Жағымсыз иіс қолқаны қабады. Бұл түрлі ауруды қоздырып қала тұрғындарының денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан аймақтың тазалығына баса мән беріп, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізтіп жатқан қала әкімдігіне және  азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ», –дейді қала тұрғындары.

          

Айдын КӘЛІМХАН