Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы-2024» жастар сыйлығына құжат қабылдау басталды

Уақыты: 16.07.2024
Оқылды: 287
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы-2024» жастар сыйлығына құжат қабылдау басталды.  Бұл Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына белсене атсалысып жүрген жастарды қолдауға бағытталған дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын облыстық ауқымдағы іс-шара жыл сайын 14-35 аралығындағы үздік жастарды марапаттау, ынталандыру және жеткен жетістіктерін халыққа паш ету мақсатында өткізіледі.

Жастар сыйлығына өңірдің белсенді жастары, соның ішінде мектеп, колледж, ЖОО білім алушылары, волонтерлар, мұғалімдер мен жас ғалымдар, мәдениет, спорт, медицина саласының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, журналистер және жас отбасылар мен жастар ұйымдары, сол сияқты белгілі бір салада жетістіктерге жеткен, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, елдің алғысын алып жүрген жастар үміткер бола алады.

Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы-2024» жастар сыйлығының ережесі туралы толық ақпаратпен оны ұйымдастырушы облыстық қоғамдық даму басқармасының сайтында таныса аласыздар:

Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы-2024» жастар сыйлығына құжат қабылдау басталды (www.gov.kz)