Жетісу облысында жерді рұқсатсыз басып алу фактілерінің жолы кесілді

Уақыты: 17.07.2024
Оқылды: 360
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетімен бірлесіп, Жетісу облысының Көксу ауданында орналасқан жер қойнауын пайдаланушыға жоспардан тыс тексеру жүргізді. 

«Комитеттің аумақтық департамент өкілдерінің тексеру нәтижесі бойынша ЖШС-мен мемлекет меншігіндегі көлемі 1,92 га жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу фактісі анықталды», — делінген хабарламада.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 136 бабына сәйкес шаралар қабылданып, соммасы 553 мың теңге көлемінде айыппұл салынды және мемлекет кірісіне өндірілді.

Қазіргі уақытта өз еркімен басып алған жер учаскесі босатылды және заңбұзушылық жойылды.

Фото: Kazinform