Арна ортаймайды

Уақыты: 18.07.2024
Оқылды: 372
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» РМК Жетісу филиалы Көксу ауданының шаруаларына 47,8 миллион текшеметр су берді.

Бүгінгі таңда нақты суарылған жер көлемі 14787 гектарды құрайды. Қазіргі кезде арналар арқылы су беру жөнінде диқандармен 1442 келісімшарт жасалған. Аталған филиал биылғы суару кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін Көксу ауданында 5 гидротехникалық құрылыс пен 3 гидробекетке жөндеу жұмыстарын жүргізді. Су арналарының 26,37 шақырым бөлігі механикалық әдіспен тазаланды.

Айта кетейік, Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» РМК Жетісу филиалы шаруаларды 408 миллион текше- метр сумен қамтамасыз етті. Ал жедел ақпаратқа сәйкес ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» кәсіпорны еліміздің шаруаларына 3,9 миллиард текшеметр су берген. 

Айгүл БАЙЖҰМАҚЫЗЫ
Көксу ауданы

Фото: gov.kz