«Тіл ғұмыр» жас қаламгерлер байқауының ережесі

Уақыты: 19.07.2024
Оқылды: 460
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалымен, «Janr» Жетісу әдеби клубымен және Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі Жетісу облыстық филиалымен бірлесе отырып, «Шамшырақ» жүлдесі үшін «Тіл – ғұмыр» облыстық жас қаламгерлер байқауын жариялайды.

Байқауды ұйымдастыру және өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-             ресурсы мен әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram) парақшаларында орналастырылады. Сондай-ақ тиісті мекемелерге (аудан, қала әкімдіктеріне) ресми хат жолданады.    

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

– Талантты жастарды анықтау және қолдау көрсету;

– Төл әдебиетімізді жаңа туындылармен толықтырып, тіл мәдениетін көтеру;

– Жергілікті қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау.

Байқаудың негiзгi шарттары: 

Байқауға 18-40 жас аралығындағы облыс аумағында тұратын, соңғы бес жылда осы шараға қатысып, Бас жүлде алған қаламгерлерден басқа             кез-келген ақын-жазушы қатыса алады.

– Байқауға қатысушылар төмендегідей 2 (екі) жанр бойынша бақ сынайды:

«Поэзия» жанры;

– «Проза» жанры.

– Бір автор тек 1 (бір) жанр бойынша байқауға қатысуға өтініш бере алады.

– Поэзия жанры бойынша үміткерлер халқымыздың біртуар перзенті, ұлы ақын Абай Құнанбайұлына арнау және еркін тақырыпта бір өлең, барлығы 2 (екі) өлең ұсынуы қажет. Өлеңнің жалпы көлемі 10 парақтан аспауы тиіс.

– Проза жанры бойынша қатысушылар еркін тақырыпта бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, 25 беттен (1.5 баспа табақ) аспайтын бір шығармасын (эссе, әңгіме, повесть т.б) ұсына алады. Шығарманың алғашқы бетіне жанр атауы жазылуы тиіс.  

– Ұсынылған шығармалар компьютерде қаріп өлшемі – 14, Times New Roman, 1,5 интервалмен терілуі тиіс.

– Бұдан бұрын мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған немесе басқа байқауларға ұсынылған және техникалық, мазмұндық басқа да талаптарға сай келмейтін шығармалар қабылданбайды.

– Байқауға қатысушылардың жұмысын талапқа сай саралап, жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамына әр жанр бойынша кемінде үш адамнан тұратын өңірімізге танымал ақын-жазушылар, тіл, әдебиет салаларының білікті мамандары, зиялы қауым өкілдері кіреді.

  • Қазылар алқасының шешiмiне сәйкес хаттама толтырылады, шешім қайта қарауға және талқылауға жатпайды.

Үміткерлердің шығармаларын бағалау:

               Қазылар алқасы байқауға ұсынылған шығармаларды бағалауда келесі шарттарды басшылыққа алады:

  • Шығарма тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;
  • шығарманың идеялық мазмұнына;
  • туындының көркемдік сапасына;
  • автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне назар аударылады.

Қатысу үшін өтінім беру тәртібі:

Байқауға қатысушылар өтінімін (қол қойылған, сканерлеген), шығармаларын және өздері туралы қысқаша мәліметті (жеке куәлігінің көшірмесі PDF форматта, қысқаша өмірбаян, түрлі-түсті фотосуреті 13х18 электронды нұсқасымен) «Тіл ғұмыр» жас қаламгерлер байқауына» деген белгімен 2024 жылғы 16 тамызға дейін zhetysu.til@mail.ru электрондық поштасына жолдауы тиіс:

Байқау қорытындысы, іс-шараның өтетін уақыты қосымша хабарланады. Марапаттау рәсіміне тек жеңімпаздар ғана шақырылып, салтанатты түрде «Шамшырақ» жүлдесі, дипломдар мен қаржылай сертификаттар табысталады.

Мекенжай: Талдықорған қаласы, Қаратал шағын ауданы, 36/Б, Тіл сарайы

Байланыс телефондар: +7 (7282) 40-10-49, +7 777 234 79 78

 

«ТІЛ – ҒҰМЫР» облыстық жас қаламгерлер

байқауына қатысу үшін

ӨТІНІМ

 

 

  1. Аты жөні (толық):  ____________________________________________________________

 

  1. Білімі:

________________________________________________________

 

  1. Қатысушының жұмыс орны: ____________________________________________________________

 

  1. Мекенжайы:

________________________________________________________

 

  1. Байланыс телефондары:

________________________________________________________

 

  1. Шығармалардың толық атауы:

1)  

     ___________________________________________________________

2) 

    ____________________________________________________________

 

5.   Қатысушының қысқаша шығармашылық өмірбаяны, жетістіктері:

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                 Қолы

 

                                                                                                                 Күні