Тұрғындар бастамасымен «Біз таза ел үшін» шарасы өтті

Уақыты: 19.07.2024
Оқылды: 444
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Мәселен, кеше Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында экологиялық акция аясында аудан тұрғындарының бастамасымен «Біз таза ел үшін» шарасы өтті.

Кербұлақ ауданы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, тазалық шарасына 1300 тұрғын, соның ішінде 15 мекеме мен кәсіпорындар қатысты, 6 парк мен сверлер жиналады, әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылады, 7 әлеуметтік, 15 кәсіпкерлік және өнеркәсіптік нысандары, 4 тарихи-мәдени ескерткіш маңында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Экологиялық акцияға 15 техника жұмылдырылып, 300 тонна қоқыс шығарылды.

Атап өтсек, бүгінге дейін жалпыұлттық тазалық шарасына облыс көлемінде 160 мыңнан адам атсалысты.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі