ҚР Денсаулық сақтау Кодексіне өзгерістер енгізілді

Уақыты: 19.07.2024
Оқылды: 366
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Соңғы жылдары Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламат-тылығы саласындағы субъектілердің қызметін бақылау мен қадағалауға қатысты бірқатар шешім қабылданды. Мемлекет Басшысы ҚР Денсаулық сақтау Кодексіндегі өзгерістерге 8 маусымда қол қойды.

Бұл туралы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов мәлімдеді.

«Заңда бизнестің, оның ішінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметін реттейтін қолданыстағы Кодекстер мен Заңдарға өзгерістер енгізілді. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жүргізу тәртібі Үкіметте келісілуде, бақылау сатып алуды жүргізу тәртібі, сондай-ақ тексеру парақтарында көзделген жедел ден қою шараларын қабылдау тәртібі күшіне енді. 2024 жылдың 2 жартыжылдығынан бастап жедел ден қою шараларын қолдану, тергеп-тексеру жүргізу, өнімді бақылау және мемлекеттік тіркеуге жататын өнімдерінің жарнамасын бақылау тәртібіне жаңа талаптарды қабылдау жаңалық болды», - деп түсіндірді спикер.

Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада, өнімді бақылау мақсатында сатып алу, тергеп-тексеру нәтижелері туралы актілерде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарда көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

"Жетісу-Ақпарат"