Жетісуда жауынгерлік атыс сабақтары өтті

Уақыты: 25.07.2024
Оқылды: 319
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу гарнизонындағы 18404 әскери бөлімінде бөлімшелердің жауынгерлік атыс сабақтары өтті. Екінші десанттық-шабуылдаушы батальонының жеке құрамымен далалық «Жетісу» оқу-жаттығу алаңында өткен бұл сабақ қарулы күштердің жауынгерлік жоспарына сәйкес ұйымдастырылған.

Жауаптылардың сөзінше, бөлімшелер кез-келген жағдайда табанды қорғаныс ұрысын жүргізуге және жоғары қарқынмен шабуылдау тәсілдеріне сақадай сай болуы шарт. Жаттығу барысында сарбаздар тактика, атыс даярлығы, әскери топография, байланыс құралдары және әскери медициналық даярлықтарынан тәжірибе қабылдап, ұрыс жүргізу тәсілдерін жан-жақты пысықтайды. Жеке құрам осы жаттығу сабақтарына белсене қатысу арқылы өздерінің кәсіби  даярлықтарын көтереді.

 – «Сарбаздар үшін бұл жолғы жаттығу сабағы өте жоғары деңгейде өткізілді. Осы орайда жауынгерлер қару-жарақ пен ұрыс машиналарынан атыс жүргізу арқылы жорық легін сақтау әдістерін үйренді. Бұл жаттығулардан біз мол тәжірибе жинақтап одан әрі өзіміздің кәсібилігімізді арттыра беруге мол мүмкіндік алдық», - дейді қатардағы жауынгер Айдын Ниязов.

Айдын КӘЛІМХАН