Сурет туралы ой

Уақыты: 25.07.2024
Оқылды: 360
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сурет салуда терең сыр, беймәлім бір құпия бары сезіледі. Өз қиялыма еркіндік беріп, ойымдағыны түрлі түсті бояумен бейнелегенді ұнатамын. Бос уақытымды осы салаға арнап, талантымды шыңдаудан шаршаған емеспін. Әлемге әйгілі суретшілердің қаламдарынан шыққан туындыларды тамашалаудың өзі бір рахат.

Бейнелеу өнеріне мектеп табалдырығын аттағаннан ден қойып өстім. Сурет салуға деген құлшынысымды әуелі ұстаздарым байқаған болу керек. Олар маған карындаш, түрлі бояулармен жұмыс істеуді үйретті. Жан-жақты баулыды. Менің «Жағалаудағы бір күн», «Қыстағы орман», «Ағаш көлеңкесінде» атты шығармаларым бар.

Жақында ғана «Таза Қазақстан» тақырыбында бейнелеген бейнем оқушылар арасында өткен жарыста 1-орын алды. Барлық істе махаббат болса ғана нәтиже береді. Шығармашылық шабыттың қуанышы мүлде өзгеше болады. Әр салған шығармамды аяқтағанда бөлек күйге бөленем.Әйгілі суретші болғым келеді.

Айзере ОМАР,
Ы. Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясының оқушысы
Үшарал қаласы, 
Алакөл ауданы