Жетісу облысы елді мекендерінің бас жоспармен қамтамасыз етілу көрсеткіші 100%

Уақыты: 26.07.2024
Оқылды: 410
Бөлім: КҮНДЕРЕК

2024 жылы Ақсу ауданы Жансүгіров, Сағабүйен, Сағакүрес ауылдары, Ескелді  ауданы  Қарабұлақ  ауылы, Қаратал  ауданы Үштөбе қаласымен Кальпе ауылы, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының, Сарқан ауданы Сарқан қаласымен Лепсі ауылының, Балқаш көлінің жағалау аймағымен Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар тасжолының, Талдықорған қаласы әуежайының және Талдықорған қаласының қала құрылыс құжаттамалары бойынша әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Асанәлі Жанабайдың  айтуынша, интернет-порталын  құру мақсатында өңірде электрондық «Қылмыстық  құқық бұзушылықтар картасы» әзірленген. Осы жұмыстардың  шеңберінде  барлық елді мекендерінің мекенжайларын түгендеу бойынша жұмыстар орындалды. Сонымен қатар, электрондық картаны өзектендіру мақсатында тоқсан сайын жаңа салынған объектілерді енгізу жұмыстары ұйымдастырылады.

"Жетісу-Ақпарат"