«Kazakh Primer» оқулықтарын табыстады

Уақыты: 26.07.2024
Оқылды: 434
Бөлім: КҮНДЕРЕК

2024 жылғы 11 шілдеде Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО» КеАҚ ұсынысы бойынша ҚР-дың Ұлыбританиядағы Елшілігі Qazaq School London қазақ тіл сыныбында оқитын балаларға «Kazakh Primer» оқулықтарын табысталды. Кітаптың авторы Құрмет Аубакиров,  Фарида Каженова және аудармашы Ахметова Гүлнұр.Жеке қор  Құрмет Аубакировтың қаржылығымен 1000дана баспадан басылып шықты.

Аталған кітаптар шетелдегі қазақ балаларына ана тілді үйретуді мақсат тұтқан алғашқы әдістемелік құралдардың бірі болып табылады және қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге арналған.Ең бірінші мақсаты: шетелдегі қазақ балалары өз тілін ұмытып, мәңгүрт болып қалмауы. Екіншіден келген шетелдік азаматтарымыз қазақ тілін үйрену деп атап айтылды. 31 мамыр айында, Кония провинциясының қазақтарына ана тіліне арналған кітаптар табысталды. Қазақстан Республикасының Түркия және Албаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев  қазақ диаспорасымен мақсатты жұмыс ұйымдастыру шеңберінде кездесу өткізді.  Түркияның Кония провинциясы Қаратай ауданындағы «Исмаил» қазақ түріктері мәдени және әлеуметтік көмек қоғамының басшылары Мехмет Әлім және Абдулқайым Тимурмен болған басқосуда ол жақтағы ағайынның мәдени-рухани қажеттіліктері талқыланды. 

Кездесу соңында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-практикалық орталығы ұсынған «Kazakh primer» атты шетелдегі қазақ балаларына арналған оқулықты Қоғамның кітапханасына табыстады.  Елші мырза аталған басылым шетелдегі қазақ балаларына өз ана тілдерін үйретуді мақсат тұтқан алғашқы өнімдердің бірі екенін атап өтіп, диаспора арасында қазақ тілінің қолданыс аясын көтеруге септігін тигізетініне сенім білдірді.  3 маусым күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО өтінішіне орай Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы Аманқұл Нұриддин шетелдегі қандастармен қарым-қатынасты одан әрі ілгерілету мен ана тілді дамытуды мақсат еткен іс-шара өткізді.

Қазақ диаспораларының өкілдерімен болған кездесу барысында «Kazakh primer» (Primer with Kazakh Fairy Tales) атты оқулықты Ыстанбұлдағы 4 диаспора өкілдеріне салтанатты түрде табыстады.

Атап айтқанда, «Kazak Türkleri Eğitim ve Araştırma Derneği», «Kazakkent Altay Derneği”, «Kazak Türkleri Vakfı» және «Hoca Ahmed Yesevi Ĭlim ve Ĭrfan Vakfı» ұйымдарына 34 дана кітап берілді.

"Жетісу-Ақпарат"