Жетісу облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

Уақыты: 21.09.2024
Оқылды: 49
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық шаралары тұрақты үрдіске айналып, жалғасып жатыр.

Текелі қаласының күніне орай қалалық ардагерлер мен аналар кеңесінің мүшелері, қала жастары, сондай-ақ жас спортшылар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ауласына 50 ағаш көшетін отырғызды.

Сонымен қатар, Алакөл ауданының Үшарал қаласында «Таза қала» сенбілігі ұйымдастырылып, экологиялық акцияға 800-ге жуық қала тұрғыны қатысты.

Көксу ауданның экологиялық жағдайын жақсарту, ауданда экологиялық мәдениетті қалыптастыру және көгалдандыру мақсатында күзгі кезеңде ағаш отырғызу жұмыстары жандандырылды. Жаппай ағаш отырғызу акциясы ауданның 10 ауылдық округін қамтып, аудан әкімдігі және ауылдық округ әкімдіктерінің, барлық мекемелер мен бөлімдердің қызметкерлері, кәсіпкерлер, барлығы 300-ден астам адам қатысты. Шара барысында 512 түп жасыл желектер отырғызылды.

Бүгінгі күні облыс бойынша экологиялық акцияларға 190 мыңнан астам облыс тұрғындары қатысты, зор қолдауға ие болған бағдарлама барлық аудан мен қалаларды қамтыды.

«Таза Қазақстан» бағдарлмасы аясында Жетісу облысында жалпы саны 1 411 техника жұмылдырылды, соның нәтижесінде 7 408 тонна қоқыс шығарылып, 2 255 км арық желісі тазаланды.

"Жетісу-Ақпарат"