"КӨМІРДЕН БАС ТАРТУҒА ДАЙЫНДЫҚ": МАДРИДТЕ КЛИМАТТЫҚ КЕЛІССӨЗ БАСТАЛДЫ

Уақыты: 05.12.2019
Оқылды: 1265
Бөлім: КҮНДЕРЕК

БҰҰ-дың СОР25 саммиті Чилидің Сантяго қаласында өтпей қалғанымен (түрлі себептерге байланысты), дәл сол белгіленген уақытта Испанияның Мадрид қаласында жалғасын тапты. Саммит жұмысы қатысушы Мемлекет басшыларының және АҚШ-тан келген демократ Нэнси Пелосидің алғысөзімен басталды. Сондай-ақ, жиында Украинаның көмірден бас тарту жөніндегі жоспарлары талқыланды.

Ашылу салтанатында сөз алған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш конференцияның мақсатын түсіндіріп, көмір нарығындағы Париж келісімінің 6-бабы бойынша прогреске қол жеткізу және келесі жылы пайда болуы тиіс климат бойынша жаңа және қайта қаралған ұлттық іс-қимыл жоспарын таныстырды. "Егер біз жаһандық жылынуды шектеп, климаттың өзгеруін болдырмау үшін көмір бағасын белгілеу маңызды. Париж келісімінің 6 бабын қолданысқа енгізу нарықты жолға қоюда жеке секторды жұмылдыруды қамтамасыз етуге көмектеседі",  – деді ол.

АҚШ Конгресінің көшбасшысы Нэнси Пелоси АҚШ Президенті Дональд Трамптың Париж келісімінен шығу шешіміне қарамастан, жаһандық жылынуға қарсы күресте Құрама Штаттарға сенім артатынын жеткізді. Пелоси және АҚШ Конгресінің басқа да 14 мүшесі Мадридттегі конференцияда Құрама Штаттардың басым бөлігі Париж келісімі бойынша белгіленген мақсаттарға ынталы екенін білдірді.

"Төменгі деңгейдегі әділ трансформация: көмірден бас тартуға дайындық" атты секцияда "Экодия" қоғамдық ұйымы "Украина көмірлі өңірлерінің әділ трансформациясы" науқанының үйлестірушісі Константин Криницкий Украинада көмір саласындағы жағдай нашарлап келе жатқанын, Донецк облысының шахтерлік қалаларындағы жергілікті билікпен жұмыс істеу және жергілікті экономиканы әртараптандыру тақырыбын жылжыту үшін олардың тұрақты даму тұғырнамасына бірігуі және трансформациялау қажеттілігі туралы айтты. Сондай-ақ, ұлттық, өңірлік және жергілікті билік органдарына Германияда, Чехияда, Румынияда және Украинада шахталарды жабу тәжірибесін талдауға негізделген көмірден біртіндеп бас тартуды қамтамасыз ету туралы ұсыныстар айтылды.

Украина көмір саласы 30 жылдан бері құлдырап келеді. 1990 жылдан бастап көмір өндіру 5 есеге, ал шахтерлер саны 1 миллионнан 42000-ға дейін азайды. Шахталар үнемі жабылады. Өкініштісі, жұмыстан босаған адамдарды және өздеріне қаржы құйып келген кәсіпорындардан айырылған қалаларды қолдау бағдарламасы жоқ. Осыны ескерген Германия мен Еуроодақтың басқа да елдерінің тәжірибесін қолдана бастаған жергілікті билік энергия тиімділігі, білім беру және шахталық сумен жұмыс істеу саласындағы пилоттық жобаларды әзірлей бастады.

Өз сөзінде Испания Премьер-Министрі Педро Санчес климаттың өзгеруіне қарсы күресте әйелдердің маңыздылығын атап өтті. Педро Санчес 1856 жылы алғаш рет СО2-ден жылыну әсерін тапқан американдық ғалым Юнис Фут бастаған әйелдер қауымына құрмет көрсетудің қажеттілігін тілге тиек етті.

CAN Климаттық желісінің үйлестірушісі Ольга Бойко: "Ширек ғасыр бұрын әлем елдері ғаламшарды қорғау үшін бірге жұмыс істеу керек деп шешті. Сол кезде ғалымдар адамдардың жылудың жаһандық жоғарылауына әсер ететініне сенімді болды. Өкінішке қарай, соңғы 25 жылда ауаға шығарылатын көмірқышқыл газының мөлшері артып, жаһандық температура да көтерілді. 2020 жылға қарай Париж келісімі күшіне енеді. Осы тұста СОР25 саммиті өткен 25 жылдағы тәжірибелерді қорытындылап, климаттық апаттан қорғау үшін шешуші шараларды қабылдауға жол ашады», – деді.

Жаһандық жылыну біздің тұрмысымызға да қауіп төндіре бастағанын мойындауымыз керек. Сонымен қатар, газдандыру жұмысының ел аумағында қауырт қолға алынуы көмір өнімдеріне деген сұранысты да азайтады. Соның салдарынан шахталар жабылып, жұмыссыздардың қатары өсе түсуі де мүмкін. Желтоқсанның басында Қытай Премьер-Министрі Ли Кэциян Еуроодақтың климаттық тапсырмаларын орындауға, Париж келісімінің 6-бабындағы тапсырмаларды орындауға ынталы екенін мәлімдеді. Демек, жаһандық жылынудың тұрғындар өміріне қауіп төндірмей тұрып, алдын алу шараларын қараған абзал.

Қажет АНДАС