"ВИРУС ЖОҚ": ДУБАЙ АЙМАҒЫНАН КЕЛГЕН 43 АДАМНЫҢ ҚАН САРАПТАМАСЫ ШЫҚТЫ

Уақыты: 12.04.2020
Оқылды: 943
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Біріккен Араб Әмірліктерінен Талдықорғанға ұшып келген 43 жолаушыдан коронавирус індетіне алынған сынама теріс нәтиже көрсетті. Яғни, олардың бойынан қауіпті індет белгісі анықталған жоқ.

- Талдықорғандағы «Меруерт» қонақүйіне орналастырылған 43 адамның барлығының коронавирусқа алынған сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Ертең не болмаса келесі күні олар біздің қаладан қайтады, - деп жазды Талдықорған қаласы әкімі баспасөз қызметінің хатшысы Нұр Қанатұлы "Facebook" парақшасына.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 11 сәуірде Біріккен Араб Әмірліктерінен шыққан ұшақ Талдықорғанға түнгі сағат 21:30-дар шамасында қонды. Олар Талдықорған қаласындағы «Меруерт» қонақүйі мен Текелідегі шипажайға орналастырылған. Барлығының денсаулығы тексеріліп жатыр. "Қазақпараттың" мәліметіне сәйкес, 43 жолаушы полиция, санитария мамандарының қадағалауымен алдағы 1-2 күннің ішінде үйлеріне жеткізіледі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"