ТАЛДЫҚОРҒАНДА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДЕН ӨРТ ШЫҒЫП, 71 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 26.04.2020
Оқылды: 963
Бөлім: КҮНДЕРЕК

26 сәуір күні, сағат 16:00-дер шамасында Талдықорғанда өрт шықты. Өртті ауыздықтауға бірнеше техника жұмылдырылды. Өкінішке қарай, пәтерде шыққан өрттің салдарынан бір ер адам көз жұмды.

Оқиға Талдықорғандағы 3-шағынаудандағы көпқабатты пәтерлердің бірінде болған. «Оқиғаны растаймыз. 1949 жылғы ер адам көз жұмды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді Алматы облыстық төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің өкілі. Көпқабатты тұрғын үйден 40 адам көшірілді. Екі бөлмелі пәтерден шыққан өрт жарты сағаттың ішінде өшірілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"