ТАҒАЙЫНДАУ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАС САНИТАРЫ ОСЫМЕН ҮШІНШІ РЕТ АУЫСТЫ

Уақыты: 17.09.2020
Оқылды: 1067
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Үкімет қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері лауазымына тағайындалды.

Бұл жөнінде Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы «Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» қарқынды терапия реанимация бөлімшесінің санитары болып бастады. 1997-1999 жылдары Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы. 1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс басқармасының медициналық орталығы құрылымында санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, директордың орынбасары қызметтерін атқарған.

Еске сала кетейік, пандемия басталған жарты жыл ішінде ҚР Бас санитары лауазымына осымен үшінші адам тағайындалып отыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"