КОЛЛЕДЖДЕРДЕГІ "ЖАС МАМАН" ЖОБАСЫ ЖАҢҒЫРУ МЕН ЖАҢАРУДЫ КӨЗДЕЙДІ

Уақыты: 11.10.2020
Оқылды: 1239
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сапалы білім беруді жүзеге асыру үшін оқу орындарына өзектендірілген материалдық-техникалық база қажет. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында оқу орындарының базасын нығайтуға бағытталған «Жас маман» жобасы іске асырылуда.

Бұл жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасымен әзірленді. «Жас маман» жобасының мақсаты 100 сұранысқа ие мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.

«Жас маман» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Талдықорған жоғары политехникалық колледжі IT-саласында World Skills құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік беретін жабдықтар сатып алды.

«Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша - Adobe Illustrator және Adobe Photoshop бағдарламаларында графикалық иллюстрацияларды жасауға арналған XP-Pen Artist 22E Pro графикалық планшеттері, 2*2 метрден жоғары сапалы басып шығаруға арналған WT-2513UV кең форматты принтерлер, «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» - телекоммуникациялық тіреу, Dell R630 сервері, серверлік жабдықты жинақтауды, монтаждауды, баптауды және қызмет көрсетуді жүргізуге арналған Cisco коммутаторлары мен маршрутизаторлары алынды.

«3D-Модельдеу және бұйымдарды прототиптеу» құзыреттілігіне бөлшектерді жобалаумен және дайындаумен конструкторлық бұйымдарды модельдеу кезінде білім алушылардың қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалануы үшін жағдай жасауға арналған Picaso Designer XL3D-принтері биылғы оқу жылында қолданысқа берілді. «Бизнеске арналған IT-шешімдер» мамандықтарына өндірістік жағдайларды модельдеу кезінде өнімділікті арттыру мақсатында тоғызыншы буын микропроцессоры бар жаңа компьютерлері әкелінді. Сонымен қатар, «Мобильді робототехника» мамандығы үшін  робототехника бойынша FTC-жарыстарын өткізуге арналған жиынтық, мобильді роботты құрастыруға арналған роботын құрастырушы сатып алынды.

Аталған жабдықтарды оқу процесінде белсенді пайдалану білім беру қызметтерінің сапасын арттыратыны және өңірлік және республикалық деңгейдегі World Skills чемпионаттарына дайындық кезінде үлкен артықшылық болатыны сөзсіз.

Андрей ГЕРМАН,

Талдықорған политехникалық колледжі ІТ-құзыреттілік орталығының басшысы