Депутат өз зауытына жүгеріні төмен бағада сатуға мәжбүрлейді: Жетісу облысында шаруалар бас көтерді

Уақыты: 05.10.2023
Оқылды: 751
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Жетісу облысында фермерлер парламент сенатының депутаты Зәкіржан Күзиев жүгеріні өз зауытына 70 теңгеден сатуға мәжбүрлейтініне шағымданды. Олар шығынға ұшыраймыз деп қорқып отыр. 

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz ақпарат агенттігінің дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған мәжілістің бұрынғы депутаты, қазіргі сенат депутаты, Жаркент крахмал диірменінің басшысы болып табылатын ҚР Мәжілісінің бұрынғы депутаты, қазір ҚР Парламенті Сенатының депутаты Зәкіржан Күзиев Панфилов ауданындағы “Жаркент крахмал-сірне зауыты” ЖШС-ны басқарады.

Фермерлердің айтуынша, депутат жүгеріні 70 теңгеден беруді талап етуде. Ал былтыр оның құны 126 теңге болған. 

Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы зауыт жүгеріні бағасы 75-80 теңгеден қабылдайтынын растады.

”Халыққа ешқандай қысым көрсету фактілері анықталған жоқ. Жүгері бағасының түсуіне нарыққа шет елдік өнімнің кіруі әсер еткен. Халық арасындағы шиеленістің алдын алу мақсатында ”Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен "Жаркент крахмал-сірне зауыты" ЖШС-не жүгері бағасын 90-110 теңгеге көтеру туралы ұсыныс хат жолданды”, – деп мәлімдеді аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Фото: ашық дереккөзден