АЛДАҒЫ МІНДЕТ АУҚЫМДЫ

Уақыты: 04.08.2016
Оқылды: 1419
Бөлім: ЭКОНОМИКА

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экология және табиғатты пай­далану мәселелері жөніндегі комитетінің мүшесі Марат Бопазов  Ес­келді ауданына келген жұмыс сапарында ең алдымен «Нұр Отан» пар­тиясының аудандық филиалының кеңсесіне жиналған аудандық мәс­лихат депутаттары, мекеме басшылары, аудандық әкімдік пен мәс­лихат аппаратының өкілдерімен және ауылдық округтер әкім­де­рімен кездесті.

 

Жүздесуде «Нұрлы Жол» және «Өңірлерді да­мы­ту – 2020» бағдар­ла­ма­ла­ры аясында атқа­рылып жатқан жұмыстар тұр­ғы­сын­да бір­шама әңгіме өр­бітті. Атап айтқанда, жыл ба­­сы­нан бе­рі өңірімізде «Биз­нес­тің жол картасы – 2020» бағ­дар­ламасы ая­сында 148 жоба мемле­кет­тік қолдауға ие бол­са, ин­фра­құрылым тар­ту бойын­ша 7 жоба жүзеге асыры­луда. Үстіміздегі жы­лы шағын не­сие­лендіруге        9,6 млрд. теңге қа­рас­ты­рыл­ған. Оның ішіндегі «Жұ­мыспен қамтудың жол кар­тасы – 2020» бағдарламасы бойынша ауылдағы жұ­мыс­сыз ағайынның тір­ші­лігін түзетуге бөлінген 5,8 млрд. тең­ге­нің 529,0 млн. теңгесі ғана, яғ­ни 9,1 пайызы ғана игерілген. Халық қалау­лысы осындай өзек­­ті мәсе­ле­ге жер-жерде ай­рықша на­зар аудару қажеттігін баса айтты.

Сонымен қатар, Марат Дә­­рі­бекұлы өңірімізде бар­лық бағ­дарлама аясында     87 млрд. тең­ге­ге 193 жоба жү­зе­ге асырылып жат­­қанын, ша­ғын және орта бизнесті дамытуға қолдау көр­се­тіл­генін, мұның өзі облыс эко­но­­микасына оң серпін бер­ген­­ді­гін тілге тиек етті.

Халық қалаулысымен бір­ге тұрғындармен кездесуге келген «Нұр Отан» партиясы об­лыстық филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сары­баев та жо­ға­рыда аталған жо­ба­ларды жүзеге асырудың маңыз­ды­лығына кеңінен тоқталды. Ел­басының алға қойған      «100 нақты қадамын» жүзеге асы­ру ар­қылы дамыған 30 ел­дің қа­та­рына енуге жол ашы­ла­тынына баса назар ау­дар­­ды. Осы орайда ат­қа­рыл­ған іс­тер­дің барысын алға тарт­ты. Сондай-ақ, ол  Тәуел­­­­сіз­ді­гі­міздің  25 жыл­ды­ғы мерей­тойы­на тыңғы­лықты әзір­лікпен бару, қо­ғам­­ның саяси ахуа­лын сақтау және жер мә­се­ле­сі тұрғы­сын­да да бі­раз ой-толғамын білдірді.

Кездесуді жүргізген ау­дан әкімі Жұбаныш Ноғай­бе­ков жо­ғарыда аталған бағ­дар­ла­ма­лар негізінде біраз істер атқарыл­ған­дығын, ал алдағы күндердің мін­­деттері одан да ауқымды екенін айта келіп, оның жүзеге асырылуы назарда болатынды­ғын және тиісінше қолдау-көмек көр­се­тілетіндігін атап өтті. Со­ның қатарында аудан орта­лы­ғында салынатын 320 орын­­ды балабақшаның жо­ба­­лық құжат­тары дайын екен­­дігін, ендігі кезеңде со­ны салуға едәуір қо­мақты қар­жының қажеттілігін де­пу­таттың назарына сала келіп, Марат Дәрібекұлына депу­тат­­тық қызметінде сәттілік ті­леді. Бұдан соң Мәжіліс депутаты бі­рер адамдарды жеке мәселе­лері  бойынша  қабылдап, олар­дың өтініш-тілектерін тыңдады.

Ал түс ауа Марат Бопазов Қа­ратал өзеніндегі  ГЭС-тің жұ­мы­сымен және Текелі қа­ла­­сы­ның маңындағы Қора шатқа­лын­да жүргізіліп жат­қан жоба­лық құны  6,2 млрд. теңгені құ­райтын  «Қора» гидроэлектр стан­сысының құрылысымен танысып, сол жерде жұмысшы­лар­мен тіл­дес­ті. Әңгіме бары­сында пай­далануға берілген кезде 28,5 МВт. энергия қуатын бе­руге мүмкіндігі болатын бұл алып құрылыста қазір жүз­ден астам адамның ең­бек етіп жат­қа­нын және «Нұрлы Жол» бағ­дарламасы бойын­ша осы стан­сыны салуға            2 млрд. теңге бө­лін­гендігі жай­лы сөз қозғалды.

Шора БАТЫРБАЕВ.

Ескелді ауданы.