ЭЛЕКТР ТАРИФІ ӨСЕ МЕ? ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАУАБЫ

Уақыты: 02.05.2024
Оқылды: 308
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Сенат отырысынан кейін журналистер  Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтан жыл аяғына дейін электр тарифі қалай құбылатынын сұрады.


 

«Тарифті біздің Табиғи монополиялар комитетіндегі әріптестеріміз бекітетінін білесіздер. Біз электр стансаларындағы тарифті ғана бекітеміз. Ол тарифтерді 1 қаңтардан бастап көтердік. Сондықтан жуық арада электр стансаларындағы тарифтің өсуін күтіп отырған жоқсыз», - деді вице-министр.

Сондай-ақ тарифтің өсуіне түрткі болатын себептерді атады. 

«Төтенше реттеу шаралары деген ұғым бар. Көмір сияқты заттардың бағасы күрт өссе, тарифті шұғыл реттеу керек болады. Электр қуатының кәсіпорындарында айлықты көтердік. Мысалы, депутаттармен бірге Жезқазған жылу-электр орталығында болдық. Ол жердегі машинистің айлығы – 400 мың теңге. Энергетика саласы үшін бұл айтарлықтай жоғары. Бірақ Жезқазғанның металлургиялық кәсіпорындарында айлық 600 мың теңге. Сондықтан көбі сол салаға кетіп жатыр. Яғни, маман тапшылығы дейтін мәселе бар. Осының бәрін кешенді қарау керек. Бұл жуық арада тарифті тағы да көтереміз деген сөз емес. Дегенмен, жалпы ескеру керек себептер бар. Айлықты айтарлықтай жақсы көтердік. Сондықтан тағы айлық өсіру сияқты жоспарымыз да жоқ», - деді Сұңғат Есімханов.

 

Фото: aikyn.kz