НЕГІЗГІ КӨМЕКТЕР ҚОМАҚТЫ

Уақыты: 21.09.2024
Оқылды: 41
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 212 897,3 млн. теңгені құрады. Бұл 2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 1,8 %-ға артық.


Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 69,1%, өңдеу өнеркәсібінде түсті  1,4 %, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда  8,7%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте  11,1% өсті.

2024 жылғы қаңтар-тамызға ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 165 581,3 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 102,4 % құрады.

2024 жылғы қаңтар-тамызда көліктің барлық түрінің жүк айналымы 7 400 млн. ткм-ді құрады. Бұл 2023 жылдың қаңтар-тамызбен салыстырғанда 79,1%. 
Жолаушы айналымы 400,9 млн. жкм-ді құрады. 2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 89,7% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 136 262,2 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 132,7 % құрады.    

Биылғы қаңтар-тамызда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 20,6 % өсіп, 150,2 мың шаршы метрді құрады. Олардан көппәтерлі тұрғын үйлер 38,0%-ға, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 16,0%-ға ұлғайды.

Осы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 218 400,1 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-тамызбен  салыстырғанда 134,6 %.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы  1 қыркүйекке жағдай бойынша 8 мың 331 бірлікті құраса, өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға көбейген. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 6 495 бірлікті құрады. Оның ішінде шағын кәсіпорындар 6 мың 267 бірлік. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар саны 6 мың 246. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3%-ға артық. 

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының 
Жетісу облысы бойынша департаменті