«Қазақстандық-1М» комбайнының тәжірибелік үлгісі жасалды

Уақыты: 11.06.2018
Оқылды: 1073
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Ел үшін бидайдың саны мен сапасы әруақытта өзекті болды. Бұл елге валюта әкелетін өнім. Жасыратыны жоқ, біздің бидайдан көп зиянды қоспалар табылады. Қазақстан стандарттарында олардың болуына жол беріледі. Ал импорттаушылар болса, ондай партиялардан бас тартады. Талдау кезінде белгілі болғанындай, астықты жинағаннан кейінгі оның ылғалдылығы мен залалдануы қазіргі жағдайда сапа стандарттарына сай емес. 85 пайызға жуық астық аурулары саңырауқұлақ тәріздес бактериялармен ұсынылады, соның ішінде 80 пайызы токсикогендер.

Экспортталатын сапасы төмен қазақстандық бидай бүкіл астық саласының мәселесі болып отыр. Астық сапасы мен оның ауруларға төзімділігін арттыру жолдарының бірі  – отандық ғалымдардың патенттелген өнертабыстары болып табылады. Астық өсірушілер жұмысының тиімділігі мен табыстылығын қамтамасыз ету үшін барлық кешенді жағдайлар мен қажетті талаптарды ескере отырып талдап, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдары отандық комбайн жасаудың жеке бағдарламасын жасады. Бағдарлама авторлары бірінші «Қазақстандық-1М» комбайнының тәжірибелік үлгісін дүниеге келтірді. Өз концепциялары мен конструкцияларында классикалық механиканың, электрониканың және биофизиканың соңғы жетістіктерін пайдаланған. 
Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, «Қазақстандық-1М» -ді жобалаушылардың ғылыми әлеуеттерін іске асыруға мүмкіндіктері болмай отыр. Ұлттық ғылым академиясының Этика бойынша кеңесінің мәжілісінде қаржыландырылуға қолдау алмаған жобалар талқыланды. Мәжіліс нәтижесі бойынша алты ғылыми жұмыс қолдау тапты, соның ішінде «абсолютті» инновациясы бар жоба (№1 хаттама, 08. 02. 2018ж.) да бар.         
12 наурызда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жобаны қолдауға келісім берді. Енді Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің конкурстық комиссиясының қандай шешім қабылдайтынын күтеміз. Қазақстанда ауылшаруашылығы машинасын жасаудың ғылыми-техникалық әлеуеті бар. Тек жобалаушыларға мүмкіндік беру керек. Себебі, жаңа технологияларды жасау бұл он жыл бойы дайындалған жоғары ғылыми мектеп. 
«Қазақстандық-1М» комбайнының ғылыми-техникалық негізі мемлекеттік стратегиялық маңызды тапсырмаларды қарастырады және конкурссыз процедураға лайық. Бұл мемлекеттің қолынан келетін ең қарапайым нәрсе. 
Интеллектуалды ауылшаруашылығы өндірісі – елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы пе-               рспективалы бағыты; таным құрылғысы – бұл жоғары автоматтандырылған техникалық құрал. Ол өзінің жай-күйін агрофон сипаттамаларының өзгеруіне байланысты берілген бағдарламалар бойынша оңтайландырады (жиналатын дақылдың піскен жиналу фазасында). Жоба бойынша туындайтын мүмкіндіктер – республиканың азық-түлік қауіпсіздігі,  халықтың кірістері мен жұмыспен қамту және агроөндірістік кешеннің ілеспе салалары: мал және құс шаруашылығы, тамақ, қайта өңдеу өнеркәсібі, тағы басқаларына тәуелді болатын өндірісті дамыту. 
Зияткерлік техникалық құралдарын «Қазақстандық-1М» мысалында жасау және өндіру отандық ауылшаруашылығы машиналарын жасауды жаңа техникалық деңгейге көтеруге ықпал етеді. Машина жасау саласының аралас салаларын дамытуға (прибор жасау, телемеханика құралдары, автоматтандыру және тағы басқалары), олардың технологиялық әлеуетін іске асыруға және оның жұмыс үрдісіне адамның ықпалын барынша болдырмауға мүмкіндік беретін зияткерлік ауылшаруашылығы машиналарының әдіснамалық және техникалық негіздерін қалауда маңызды. Қазіргі уақытта бұл әлеует 55-65 пайыз ғана пайдаланылады. Ол энергетикалық және материалдық-техникалық ресурстардың үлкен шығындарына  әкеледі.
Бағдарлама маңызды технологиялық қажеттілікті шешуге бағытталған, өсірілетін ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру және сапасын жақсарту ауылшаруашылығы кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін арттыруға байланысты. Оған түрлі дақылдың биомассасының пісу фазасын тану және ауылшаруашылығы өнімдерін электромагниттік сәулелендіру бойынша ұсынылатын технологияларды енгізу арқылы қол жеткізуге болады.
Қазіргі уақытта олардың негізінде экологиялық қауіпсіз технологияларды жасау мақсатында тиімді абиотикалық аз энергия шығындайтын факторларды іздеу жалғасуда. Ол өсімдіктердің  тұрақтылығын және олардың өсуі мен дамуын ынталандырады. Бағдарламадағы кешенді инновациялық, технологиялық және техникалық шешімдер өсімдіктердің функционалды белсенділігін жандандыруға, өнімділікті көтеруге, химиялық өңдеуді азайтуға, өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. 

Жарылқасын САДЫҚОВ, 
«ҚазҰАУ» КАҚ, «Агроинженерлік мәселелер мен жаңа технологиялар» ҒЗИ директоры,
техника ғылымының доқторы, академик, профессор