Табысты кәсіпкер

Уақыты: 05.12.2016
Оқылды: 2006
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Санжар Құлымбаев 2011 жылы Іле ауданының Өтеген Батыр кентінен полиграфиялық орталық ашады. Сөйтіп ол тұрақты табыс тауып, кәсіпкер атанады. Бірте-бірте бастаған ісі оңға басып, ойға алған мақсаттарына қол жеткізеді.

Кейіннен «Фабрика вкуса» деп аталатын кулинарлық және кондитерлік өнімдер шығарып, сататын орын ашуды көздейді. Сауда жасауға қажет жабдықтарды да сатып алады. Аталған сауда орталығы шағын бақ – аттракциондар аумағынан орын тебеді. Бұл адам көп жүретін жер болғандықтан өнімдерге деген сұраныс та жоғары болады. Әсіресе түс кезінде. 
Кәсіпкер жігіт «Даму» қорының арқасында бұл бизнесті өрге бастырып қана қоймай, жаңа идеяларды табуға талпыныс жасайтынын айтады. Кепілмен қамтамасыз етуге қатысты қиындық туғандықтан кәсіпкерге «Даму» қорынан пайыздық ставканы содан кейінгі жерде субсидиялау арқылы несие сомасының 50 пайызы мөлшеріндегі кепілі мақұлданады. Бүгінде оның өнімдері халық арасында үлкен сұранысқа ие. Өйткені, ол үнемі сапа мен тамаша сервис үшін жұмыс істейді. 
Айта кетейік, қазіргі кезде кәсіпкер кулинарлық және кондитерлік өнімдердің шамамен жетпістен аса түрін шығаруда. Тұтынушылары өнімнің дәмділігі мен сапасына да дән риза. Осылайша Санжар Мұхитұлы еңбекқорлығы мен талпынысы және табандылығының арқасында қолға алған кәсібінің тасын өрге домалатып, жұмысын жандандырып келеді. Сондай-ақ, тұрақты тұтынушыларын да тауып, қатарын көбейтуде.


Айгүл Байжұмақызы.
Іле ауданы.