Орман өртіне жол бермейік!

Уақыты: 05.05.2024
Оқылды: 160
Бөлім: МІНБЕР

Орманда өрт шығу себептерін сараптағанда көбінесе адамдардың өз кінәсінен болатыны анықталды. Сондықтан өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрететін үгіт-насихат жұмыстарын тек орман шаруашылығы қызметкерлері ғана емес, олармен қатар қоғамдық мекемелер де жүргізуі тиіс.

Орман шаруашылығының жұмысында өрт қауіпсіздігі – бірінші кезектегі мәселе. Көлік жолдары, кардондар, өзен, көлдер, орман шаруашылығының кеңселері, өрт бақылайтын мұнаралар, хабар қабылдайтын пункттер, өрт шығу қаупі бар нысандар белгіленуі тиіс.

Сонымен бірге, оған өрт қауіпсіздігі құрылымының жоспарында орманды бақылау қызметін ұйымдастыру, өрт сөндіру-бақылау құрылғыларын салу, телефон байланысының жүйесін жаңартып тұру, радиобайланыс құралдары ретке келтіріліп өрт қауіпі маусымына толық дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Орман және дала өрттерінің алдын алу, оны болдырмауға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары мектептерде лекциялар, баяндамалар, аудандардағы ауылдық округтер мен шаруа қожалықтарға ескерту хаттар тарқатылып берілу керек.

Орманға барар жолдарда, демалатын жерлерде, орман жұмыстары жүріп жатқан жерлерде аншлаг паннолар, хабарламалар арқылы өрттен сақтандырулар шаралары жасалып ілінсе санасы бар адам оқып өтері хақ. Алайда осыларды орман-тоғайлы жерлер маңында демалушылар ескере бермейді. Әр тұрғын мұндай ескертулерге байыппен қараса, халық байлығы орманды тілсіз жау өрттен қорғауға, аман сақтауға ықпалдарын тигізетіні анық. Орман өрттерінің болуының негізгі себептері мыналар:

– сөндірілмеген шылым не сіріңке;

– аңшылықтың салдары. Олар атқан оқтан бықсып шөп жанып тұтанады;

–механизатор орманда өрт қауіпсіздігін сақтай бермейді. Тұтануға бейім майланған материалды тастап кетеді, техника қауіпсіздігін бұзады, көліктің жанында шылым шегеді және т.б.;

– орман ішінде болған демалушылар, ауыл шаруашылығының жұмысшылары кепкен шөп, кесілген ағаш қалдықтары бар жерлерге от жағады;– орман қоры жерлеріне жақын жерлердегі егістің орнын өртейді;

– күннің сәулесі мол түсетін жерлерге шынының сынығын тастап кетеді. Ал ол жандырғыш линза тәрізді күн сәулесінен қуат алып құрғақ шөптерді тұтандырады; Орман өртін сөндіру оңай шаруа емес. Сондықтан оған жол бермеудің алғы шарттарын қатаң сақтау қажет. Құрметті адамзат, өрттің тілсіз жау екенін және өрт болған жерде көптеген шығындар келтіретіні бәрімізге де белгілі. Осыған орай көктем, жаз, күз мезгілдері өртке өте қолайлы уақыт.

Орман-тоғайларда өрт орын алса оңайлықпен сөнбейді, айналасындағы бірнеше метр жерге деінгі өсімдік ағаштарын, аң-құстардың ұяларын жояды. Сонымен қатар бау - бақша егу мақсатында егістік жерлерді дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі шараларына онша мән бермей , шөп-шалаңды бей-берекет жағудың арты орман-тоғай өртіне айналып кетуі мүмкін. Сол себепті табиғат берген байлықты сақтап, орман қорын қорғап, өсімін молайтуға көпшілік болып атсалысуымыз керек.

 

        Балауса ҚАСЫМХАН,

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

журналистика мандығының 4-курс студенті