Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ЕР-АЗАМАТТАР НАЗАРЫНА! ӘСКЕРИ БИЛЕТ АЛУДЫҢ ОП-ОҢАЙ ЕКІ ЖОЛЫ БАР

Уақыты: 24.09.2021
Оқылды: 1841
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Күнделікті өмірде әскери билеттің маңызы төлқұжат пен жеке куәліктен кем емес. Ол жұмысқа орналасу немесе тұрғылықты жері бойынша тіркелу кезінде міндетті болып табылады.

Әскери билет болмауының немесе жоғалуының жағымсыз салдары көп. Сондықтан, бүгін біз «офицерлерге, сержанттарға, запастағы сарбаздарға әскери билеттер немесе олардың телнұсқаларын (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік қызметі туралы айтып бермекпіз.

Бұл қызметті екі жолмен алуға болады:

ЕGov.kz порталы арқылы:

- Порталда авторизациядан өтіп, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз;
- Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ немесе бір реттік құпиясөз арқылы қол қойыңыз;
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) сіздің өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысыңыз.

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы:

Сіздің категорияңыз үшін ұсынылған тізім бойынша құжаттарды жинап, жақын орналасқан ХҚО-ға жүгіну болады;
Қажетті құжаттардың санаттары мен тізімін сырғытпадан таба аласыз.

Қызмет құны: тегін Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні. Сондай-ақ, өзіңізбен бірге талаптарға сай түсірілген 3х4 фотосуреті болуы керек. Фотосурет өтініш берушінің жасына сәйкес келуі және қатаң түрде ашық фонда, толық көлемде түсірілуі тиіс. Адамның бет-жүзі жалпы фотоалаңының 70 пайызын алуы тиіс.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"