САРЫӨЗЕКТЕГІ АРТИЛЛЕРИЯ БРИГАДАСЫ АЛДАҒЫ ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ ДАЙЫН

Уақыты: 08.11.2021
Оқылды: 1300
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Әскери техникаларды қысқы пайдалану мерзіміне көшіру жұмыстары жүріп жатыр.

Сарыөзек гарнизонында орналасқан артиллерия бригадасында қару-жарақ пен әскери техникаларды қысқы пайдалану кезеңіне көшіру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, техникалық пайдалану құралдары парктің технологиялық элементтерінің өртке қарсы құрылғыларына тексерілді. Сонымен қатар, жеке құрамға қауіпсіздік шараларының талаптары, қызмет көрсету тәртібі және қысқы жағдайда техниканы пайдалану ерекшеліктері түсіндірілді.

– Қазіргі уақытта жетпеген немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен қосалқы бөлшектер мен басқа да материалдармен толық қамтамасыз ету және оны ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Әскери техника кез келген ауа-райына дайын болуы керек, – деді бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары, подполковник Рустам Ищанов.

Әскери және арнайы техникаларды қамтамасыз ету, қару-жарақтың жағдайын тексеру, ақауларды жою бойынша барлық жұмыстар қараша айының соңына дейін жалғасады.

Абзал САРТАЕВ,

Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, майор

Кербұлақ ауданы

Алматы облысы