ТАЛДЫҚОРҒАНДА ДАЯШЫ СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛДЫ. ОҒАН БІРНЕШЕ ЖІГІТ ЖАБЫЛҒАН

Уақыты: 11.11.2021
Оқылды: 933
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорғандағы "Мирас" кафесінде сөздері жараспағандардың кикілжіңі төбелеске ұласты. Аталған оқиғаға Алматы облысының полиция департаменті түсініктеме берді.

Сағат түнгі 01:30 шамасында бірнеше мас адам 18 жастағы Е.есімді азаматқа дене жарақатын салған. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі, "Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу" бойынша тіркелген.

Сотқа дейінгі тергеу үш жігіттің "Мирас" кафесінде алкогольді сусын тұтынғанын анықтады. Содан кейін олардың бірі мекеме даяшысымен сөзге келіп қалған. Оның арты жаппай төбелеске ұласқан. Полиция қызметкерлері күдікті деп танылған 20-25 жастағы үш азаматты ұстады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"