ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАН ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Уақыты: 14.11.2021
Оқылды: 1079
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облыстық қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды.

Марқұмды еске алу шарасына Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қатысты. Жиналғандар монументке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жариялады.

Ғазиз Байтасовтың қайтыс болғанына 10 жыл өте шықты. Естеріңізге сала кетейік, полиция капитаны Ғазиз Байтасов 2011 жылдың 12 қарашасында жеті адамды өлтірген қылмыскерді (терроршы) ұстау кезінде денесімен гранатаны жауып, ерлікпен қаза тапқан еді.

- Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігі біздің жадымызда мәңгі сақталады. Ол шынайы патриотизмнің жарқын үлгісі. Өз өмірін қиып, ондаған адамды аман сақтап қалды, - деді Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Игілік Хасенов.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"