ТАЛДЫҚОРҒАНДА ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕГЕН БІР ТОП САРБАЗ ҮЙІНЕ ҚАЙТТЫ

Уақыты: 16.11.2021
Оқылды: 998
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорған гарнизонының десанттық-шабуылдау бригадасында мерзімді әскери борышын өткерген сарбаздардың запасқа шығарылуына орай әскери бөлімде жауынгерлік Тумен қоштасу рәсімі өтті.

Аталмыш шарадан соң әскери қызмет мерзімін өткерген 2020 жылғы күзгі шақырылымның 160-тан астам мерзімді әскери қызметшісі запасқа шығарылып, сарбаздардың көптен күкен сәті келіп, үйлеріне қайтты.

Әр сарбаздың қолына әскери азығы мен жол жүру билеттері берілді. Олар пойызбен Үштөбе қаласындағы темір жол станциясынан аттанбақ. Сарбаздар бір жыл бойы әскери мамандықты меңгеріп, жауынгерлік даярлықта елеулі нәтижелерге қол жеткізіп, бірнеше мәрте іс жүзінде жоғары жауынгерлік машықты паш етті.

– Бүгін мен үшін қуанышты күн! Себебі, біз Отан алдындағы борышымызды адал атқарып, үйімізге оралғалы тұрмыз. Бізге басшылық еткен командирлеріміз әскери өмірдің қыр-сырын үйрете білді. Ол кісілерге алғысым шексіз, – деді қатардағы сарбаз Арман Аңсабек.

Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі

Алматы облысы