ТАҒЫ ДА ЖОЛ АПАТЫ: КӨКСУ АУДАНЫНДА КӨЛІК АУДАРЫЛЫП, ЕКІ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ

Уақыты: 21.11.2021
Оқылды: 1352
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында тағы да жол апаты тіркелді. "Алматы - Өскемен" тасжолында көлік апатынан екі адам мерт болды.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты таңғы сағат 08:00 шамасында орын алған. «Оқиға "Алматы - Өскемен" тасжолының 223-шақырымында, яғни, Көксу ауданының аумағында болған. Алдын ала болжам бойынша, «Hyundai» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі солтүстік бағытпен келе жатқан. Кенет рульге ие бола алмай қалып, шығыс бағыттағы жол жиегіне шығып кеткен. Артынша арыққа құлап, аударылған. Салдарынан көліктің 30 жастағы жүргізушісі мен 28 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды», - делінген полиция хабарламасында.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігімен тергеу жүріп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"