САРЫӨЗЕКТЕГІ АРТИЛЛЕРИЯ БРИГАДАСЫ ЖАС САРБАЗДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Уақыты: 29.11.2021
Оқылды: 1411
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Сарыөзек гарнизонындағы артиллерия бригадасы күзде әскер қатарына шақырылған жас сарбаздармен толықты. Бұл туралы Сарыөзек гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында армияның әскери машығын ұдайы шыңдап отыру керектігін, сондай-ақ, мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың экономиканың нақты секторы үшін қажетті жұмысшы мамандығын игеру мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.

Қазақстанның әр аймағынан жиналған 200-ден астам бозбала Сарыөзек гарнизонының артиллериялық бөлімінде Отан алдындағы әскери борыштарын атқаруға келді. Оларға тәжірибелі офицерлер мен сержанттар әскери қызметке бейімделуге көмектесіп, әскери мамандықтарға үйретеді. Жас сарбаздар бір айлық курста саптық дайындықты, жауынгерлік қарудан оқ ату дағдыларын, сондай-ақ, жауынгерлік әскери техникалар мен қару-жарақтарды қолдану тәсілдерін меңгеретін болады.

Қазіргі уақытта жас сарбаздар жауынгерлік дайындықтың жоспары бойынша саптық, тактикалық, атыс, дене шынықтыру, медициналық  дайындық сабақтарын оқуда.

– Мен әскерге Отан алдындағы абыройлы міндетімді өтеу үшін келдім. Әскери бөлімде барлық жағдай қарастырылған, жауынгер достар таптым. Отан қорғау әр азаматтың қасиетті борышы деп білемін, – деді жас сарбаз Дамир Тастанов.

Жас сарбаздардың жауынгерлік әзірлігі аяқталған соң ант қабылдау рәсімі өтетіні белгілі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"