СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ТЕЖЕЙДІ

Уақыты: 30.11.2021
Оқылды: 1169
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Сыбайлас жемқорлық - үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі тәсілді, кешенді және жедел қарсы іс-қимылды талап ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы. Елдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы екенін естен шығармауымыз тиіс.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік қызметшілердің азаматтарға лайықты өмір сүруді қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау, заңның үстемдігін нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту міндеттері туралы айтты.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР заңында сыбайлас жемқорлық жасаған адамдардың мемлекеттік қызметке кіруін шектеуге байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар нормалар бекітілген, мемлекеттік қызметшілерге жаза қолдану тәртібі айқындалған. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен оның алдын алу мақсаты мемлекеттік саясат туралы көптеген құжаттарда бекітілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін республикада заңнамалық база қалыптастырылды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қатерлерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу және ашу, сондай-ақ, жауапкершіліктің басталу жағдайлары арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік функцияларды орындайтын лауазымды және басқа да адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тұрақты негізде белгілі бір ұйымдастырушылық және практикалық жұмыс жүргізеді. Департамент қызметкерлері заңдарды түсіндіреді және өзекті тақырыптар бойынша мақалалар жариялайды. Кадрларды іріктеуге, орналастыруға және тәрбиелеуге көп көңіл бөлінеді.

Департаментте құқықтық жаппай оқыту бойынша сабақтар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары бойынша семинарлар үнемі өткізіледі.

Департамент сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу мәселелеріне ерекше назар аударады. Бұл жұмыс басым сипатқа ие және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік шараларды жетілдіруге және ашықтықты қамтамасыз ету үшін қабылданатын шешімдер туралы жұртшылықты хабардар етуге негізделген.

Мемлекеттік қызметшілер этикалық нормаларының ресми мәтіні, табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары, департамент басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі ресімделіп жалпыға қолжетімді жерде орналастырылған. Азаматтардың хаттары мен өтініштері үшін жәшік орнатылды. Мемлекеттік қызметшілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны салық органдарына уақытылы табыс етеді. Барлық қызметкерлер мәртебені жеке және қызметтік емес мүдделерге пайдалануға әкелуі мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында заңнамада белгіленген шектеулерді қабылдады.

Мемлекеттік қызметшілердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, жауапкершілігін арттыру мақсатында департаментте 8(7282)24-63-61 «Сенім телефоны» жұмыс істейді. Департамент қызметкерлерінің әрекетіне шағым түскен жоқ.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға жүйелі тәсілдің бірі қоғамдық бірлестіктерді, бұқаралық ақпарат құралдарын, тәуелсіз сарапшыларды, депутаттарды, тұтынушыларды шақыра отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдері мен тарифтік сметаларын қарау кезінде (сондай-ақ, департаменттің Facebook әлеуметтік желісі арқылы "Талдықорған ТМРКД" парақшасында) жария тыңдаулар өткізу болып табылады.

Халықпен кері байланыс тетіктерін енгізумен қатар «Монополист» ақпараттық базасы жұмыс істейді және жетілдірілуде, ол барлық тілек білдірушілерге монополистердің тарифтік сметаларына және инвестициялық бағдарламаларына қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл әркімге субъект бекітуге ұсынатын тарифтердің жобаларымен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, департамент табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп, ай сайын Алматы облысының барлық аудандарында тұтынушыларға коммуналдық қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелер бойынша онлайн-режимде қоғамдық қабылдау өткізеді.

Табиғи монополиялар субъектілерінің объектілерімен таныстыру мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек, қазан айларында департамент 8 баспасөз-турын өткізді. Осы іс-шараларды өткізу туралы хабарландырулар бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің сайтында жарияланды.

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін дұрыс қолдану және зерделеу департамент қызметіндегі басымдықтарды дұрыс белгілеуге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға мүмкіндік береді.

Г.ШАРАПИЕВА,

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы облысы бойынша бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі

Сурет - ғаламтордан