АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕН ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТАҒЫ 675 КҮДІКТІ ҚОЛҒА ТҮСТІ

Уақыты: 11.01.2022
Оқылды: 1144
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

8 қаңтардан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктері мен Ұлттық ұланның арнайы бөлімшелерінен құралған қарулы күш 675 күдіктіні ұстады. Бұл жайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.

Жеке басын тексеру және автомобильдер мен үй-жайларды тінту барысында демонстранттардың полициядан тартып алған қару-жарақтары, оқ-дәрілері, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалған құжаттары, өлімге әкеп соқтырмайтын құралдар (жарық-дыбыстық гранаталар, шлемдер, қалқандар, амуниция) және тоналған мүліктер (тұрмыстық техника, мобильді құрылғылар, киім және басқалар) табылды.

«Барлық азаматтарды құқық қорғау және арнайы органдарға құқықтық тәртіпті тұрақтандыру мен қалпына келтіруде көмек көрсетуге шақырамыз», - деп ескертеді Ұлттық қауіпсіздік комитет өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"