ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ ТӘРТІПСІЗДІК: АЗАПТАУ ФАКТІЛЕРІ БОЙЫНША ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Уақыты: 04.02.2022
Оқылды: 1179
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Желіде Талдықорғандағы тәртіпсіздік кезінде полиция тарапынан ұрып-соғу, азаптау фактісі орын алғаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Бас прокуратура түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің А.Б.Батырбаевты ұрып-соғу фактісі туралы ақпарат таралуда. Аталған тұлға Талдықорған қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін 2022 жылғы 22 қаңтарында ұсталғанын хабарлаймыз. Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында жауап алу кезінде ол 10 қаңтарда ішкі істер органдарының қызметкерлері оған дене жарақатын келтіргені туралы айтқан. А.Батырбаевтың бұл арызының негізінде Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламада.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"