Жетісу облысында зорлықпен өлген 20 жастағы қыздың денесі табылды

Уақыты: 19.07.2024
Оқылды: 370
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысында 14 шілде күні 20 жастағы тұрғын жоғалып кеткен болатын. Бірнеше тәуліктен кейін қыздың денесі табылды. Ол зорлық-зомбылық көрген.

Бұл туарлы 7-su.kz желілік басылымы Жетісу облыстық ПД-нің дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Тергеу мәліметтері бойынша, ол зорланған, содан кейін оны өлтірген. Полиция тергеу жүргізуде.

«Кісі өлтіру және жыныстық қатынасқа қарсы қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге деректер жария етілмейді», - деп хабарлады Жетісу облыстық ПД.

 Іс аймақ полиция басшылығының бақылауында.

Фото: Azattyq Rýhy