Әкім мен бірқатар қызметкерлер жауапкершілікке тартылды

Уақыты: 24.07.2024
Оқылды: 376
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысындағы мемлекеттік аудиттің есебі бойынша әкім мен бірқатар қызметкерлер жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы жоғарғы аудит палатасы хабарлады.

 

 «Жетісу облысы әкімдігінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері биыл мамыр айында Жоғары аудит палатасы жүргізген мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін тексеруден кейін жауапкершілікке тартылды»,- деді агенттік.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік аудит өңірде бюджеттің нәтижелі атқарылуына әсер ететін бірқатар жүйелі проблемалар мен бұзушылықтарды анықтады. Мысалы, абаттандыру және инженерлік желілер бойынша жұмыстардың кешіктірілуі дайын тұрғын үйді қоныстандыру мерзімдерінің бұзылуына әкелді. Панфилов ауданында төрт 60 пәтерлі және екі 80 пәтерлі тұрғын үй 1,5 жылдан астам уақыт бос тұр. Олардың жалпы құны шамамен 5,8 млрд теңге. 

Бұзушылықтар басқа салаларда да анықталды. Аудит қорытындысы бойынша облыс әкіміне белгіленген тәртіппен ҚР заңнамасын бұзған адамдарды жауапкершілікке тарту тапсырылды. Нәтижесінде 2 адам қызметінен босатылды, тағы 6 адам сөгіс алды, 2 адам ескертулер алды. Сонымен қатар 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Дереккөз: orda.kz 
Фото: Gosaudit