Лаңкестікке тосқауыл

Уақыты: 27.07.2024
Оқылды: 427
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облыстық полиция департаментінде террористік тұрғыдан осал нысандардың лаңкестікке қарсы қорғалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша жиын өтті. 

Департамент бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов төрағалық еткен шараға білім, дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау, мұрағаттар мен құжаттама мәдениеті, индустриялық-инновациялық даму кәсіпкерлігі басқармаларының басшылары мен департаменттің барлық құрылым өкілдері қатысты. Кездесу барысында ҚР ІІМ «Террористік тұрғыдан осал объектілерінің үлгілік паспортын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес келетін террористік тұрғыдан осал нысандардың лаңкестікке қарсы қорғалуының паспорттары туралы мәселе көтерілді.

– Террористік тұрғыдан осал кейбір нысандар осы бұйрықтың талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Бұл үлкен алаңдатушылық тудырады және шұғыл шараларды қажет етеді. Осыған байланысты облыстың террористік тұрғыдан осал нысан басшылары лаңкестікке қарсы қорғалу паспорттарына тексеру және салыстыру жүргізуі керек, – деді Ж. Байкенов.

"Жетісу-Ақпарат"