БЛОК-ПОСТҚА БАҒЫНБАҒАН "БЕНТЛИ": ЕКІ АДАМ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Уақыты: 15.04.2020
Оқылды: 819
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында полицияның тосқауыл-бекетін елемеген "Бентли" маркалы автокөлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.

Төтенше жағдай режимін бұзу дерегі бойынша 1985 жылғы Х.есімді "Бентли" маркалы автокөлігінің жүргізушісі және 1990 жылғы К.есімді оның жолаушысы анықталды. Олар осы оқиғадан кейін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабында көзделген құқықбұзушылық белгілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жайында Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеді.

Айта кететін жайт, қымбат көлікпен жүйткіп, жол полициясы өкілдеріне бағынбаған азаматтар өздерінің бұл әрекетін бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Бұл бейнежазба құқықбұзушылардың кінәсінің толық дәлелі болып табылады.

Іс жүзінде шешім қабылдау үшін екі азаматқа қатысты әкімшілік іс жүргізу материалдары сотқа жіберілетін болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"