"МИЛЛИОН АЛҒАН": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ БІР ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 05.10.2020
Оқылды: 1094
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында екі аудитор 1 миллион теңге көлемінде пара алу күдігіне ілікті. Бұл туралы "Қазақпарат" тілшісі хабарлады.

«Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысының ауыр түрін жасау күдігі бойынша Алматы облысы ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары мен бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн брифинг барысында.

Олардың әрекеті Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өндірісіндегі қылмыстық істе қаралып жатыр.

- Олар Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысынан тексерілетін «Жамбыл ауданының Самсы ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жөндеу және салу» нысаны бойынша аудиторлық тексерудің оң нәтижелері үшін 1 миллион теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді. Тергеу жалғасуда, - деді ол.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан