ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫМЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІК ПОЛИЦЕЙЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Уақыты: 08.10.2020
Оқылды: 1275
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Президент Жарлығымен Алматы облысының үздік полицейлері марапатталды. Бұл жайында Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай ел Президентінің арнайы марапаттары қызмет бабында көзге түскен полиция қызметкерлеріне табысталды. Марапаттарды Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Серік Күдебаев табыс етті.

- Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуде, еліміздің тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуда, сондай-ақ, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауда қосқан елеулі үлесі үшін және ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай Алматы облысы полиция департаментінің ерекше көзге түскен қызметкерлері марапатталады, - деп атап өтті генерал-майор Серік Күдебаев.

Мерейтойлық медальмен Алматы облысы полиция департаментінің төмендегі үздік қызметкерлері марапатталды:
- Меңдебаев Данияр Әзілханұлы, полиция департаменті бастығының орынбасары;
- Теряева Людмила Юрьевна, полиция департаменті штабының бастығы;
- Мұхамедов Қазбек Әділбекұлы, полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы;
- Кан Лариса Геннадьевна, полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бөлімінің бастығы; 
- Чарапиев Руслан Туратбекович, полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары.

- Алматы облысының тәжірибелі полицейлері ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың марапаттарына ие болды. Енді қызметкерлердің мундирі тағы бір "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерейтойлық медалімен толықты. Бұл біздің кәсіпқой қызметкерлеріміздің алдына жаңа міндеттер қояды және жас буын полицейлерді ынталандырады, - деп толықтырды генерал С.Күдебаев.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"