Министр мектепке қысқа белдемше киюге тыйым салу туралы петицияға пікір білдірді

Уақыты: 22.08.2024
Оқылды: 1237
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Қазақстандық мектептерде қысқа юбка киюге тыйым салу туралы жақында басталған петицияға  білім министрі Ғани Бейсембаев түсініктеме берді.

Министр мектеп формасына қатысты ережелер бұрыннан бар екенін айтты.

"Әр ата-ана мен оқушы мектепке сапалы білім алып, жетістікке жету үшін келетінімізді түсінуі керек. Сондықтан басты мақсатты басқа мақсатпен шатастырмау керек. Петиция туралы айтар болсақ, мектеп формасына қатысты белгілі бір ережелер мен талаптар бар. Оқушылар осы ережелерді сақтауы керек", – деді Бейсембаев.

Мектеп формасы туралы ережеде белдемшенің ұзындығы туралы нақты ақпараттың жоқ екенін айтты журналистер. 

“Ендеше, болады", – деп жауап берді Ғани Бейсембаев.

фото: reseptia.my.id