АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІР КҮНДЕ 166 АДАМНАН ҚАУІПТІ ІНДЕТ АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 20.05.2021
Оқылды: 1259
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Соңғы мәлімет бойынша, Алматы облысында КВИ-дің зертханалық расталған барлығы 24 815 дерегі тіркелді. Соңғы тәулікте 166 адам ауырған, өсім деңгейі - 0,7 пайыз. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соның ішінде Талғар ауданында - 32, Талдықорған қаласында - 27, Панфилов ауданында - 19, Іле ауданында - 15, Жамбыл, Қарасай аудандарында - 13, Еңбекшіқазақ ауданы - 9, Қаратал, Ұйғыр аудандарында - 6-дан, Көксу, Сарқан аудандарында - 5-тен, Балқаш - 4, Ақсу, Ескелді, Алакөл аудандары мен Текелі қаласында - 2-ден, Кербұлақ, Райымбек, Кеген аудандары мен Қапшағай қаласында - 1 адамнан тіркелді.

Олармен байланыста болған 481 адам анықталды, барлығы үй карантинінде, медициналық бақылауда.

Өткен жылдың тамызынан бері анықталмаған пневмонияның 4351 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте - 39 дерек анықталды. Қарасай ауданында және Қапшағай қаласында (11-ден), Сарқан ауданы мен Текелі қаласында (3-тен), Еңбекшіқазақ ауданында (2), Талдықорған қаласында (8), Кербұлақ ауданында (1) өкпе қабынуымен ауырғандар дәрігерлер назарына алынды. Олармен 53 адам байланыста болған, барлығы медициналық бақылауға алынған, үй карантинінде.

Қазіргі уақытта ПЦР тәсілімен зертханалық тексеруден 652754 адам өткен, соның ішінде, соңғы 3 күнде - 7043 адам тексерілген.

Ковидпен барлығы 1794 адам ем алуда, соның ішінде, 47-сі - ауыр халде. Бір тәулікте ауруханаларға 120 адам түскен, 210 адам жазылып шықты. Инфекциялық төсек-орын толымдылығы - 37,4 пайыз. Сол сияқты өткен тәулікте өңірде 397 адам COVID-19 инфекциясынан жазылды.

Вакцинаның І компонентін 199 638 адам, ІІ компонентін 105 027 адам алды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"