БАЛАЛАРҒА ЕКПЕ САЛДЫРУ ҚАЖЕТ ПЕ? МЕДИЦИНА МАМАНЫ ЖАУАП БЕРДІ

Уақыты: 21.05.2021
Оқылды: 1593
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Профилактикалық егу (вакцинация) балалар үшін де, ересектер үшін де өте маңызды. Бұл шара емдеуге болмайтын немесе емдеу өте қиын болатын аурулардың (вирустық гепатит В, дифтерия, сіреспе, көкжөтел және басқа) алдын алудың жалғыз құралы. Кішкентай нәресте үшін профилактикалық егулер өте маңызды. Өйткені, оның ағзасы әртүрлі инфекцияларға өте осал келеді.

Егер анасы уақытылы егілсе немесе қандай да бір аурумен ауырса, онда баланың өмірін алғашқы айларында аналық антиденелер әлі де қорғауы мүмкін. Бірақ содан кейін қорғаныс антиденелер әлсізденіп, профилактикалық егусіз мүмкін емес. Сондықтан вакцинаны егу күнтізбесіне сәйкес ерте жастан бастау керек.

Екпе ағзаны микробтар мен вирустардың патогендік әсерінен қорғайтын барлық қорғаныс механизмдерін қамтиды. Адам ағзасы инфекциялардың алдын алуға, ауруға қарсы иммунитетке ие болады. Эпидемиялық паротитке, қызамыққа, көкжөтелге, В вирустық гепатитіне қарсы екпенің жүргізілуі, осы инфекциялармен сырқаттанушылықтың спорадиялық деңгейіне тіркелуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Алайда қол жеткізілген жетістіктер иммундаудан бас тартуға себеп болмауы тиіс. Ұжымдық иммунитеттің деңгейі төмендегеннен кейін инфекцияның «қайта оралуы» сөзсіз.

Әлем бойынша көптеген мысалдар жинақталды. Тіпті, вакциналауға назар аударудың біршама әлсіреуі, жаңа індеттердің пайда болуымен, вакцинацияның маңыздылығын бірден еске түсіреді. Вакцинация деңгейі мен инфекциялық сырқаттанушылықтардың арасында нақты кері байланыс бар. Егілгендер неғұрлым көп болса, соғұрлым әртүрлі инфекциялармен сырқаттанғандар саны азаяды.

Вакциналар иммундық жүйенің реакциясына нақты инфекция бар сияқты әсер етеді. Содан кейін иммундық жүйе «инфекциямен» күреседі және оны тудырған микроорганизмді есте сақтайды. Сонымен қатар, егер микроб ағзаға қайта енсе, иммундық жүйе онымен тиімді күреседі. Адам ағзасына енгізілетін вакциналар құрамында әртүрлі инфекциялардың әлсіреген немесе өлтірілген қоздырғыштары (немесе қоздырғыштың ақуыздарына ұқсас жасанды синтезделген ақуыздар) бар.

Вакциналарды шығаруға өте қатаң талаптар қойылады. Олар зиянсыздығына, қауіпсіздігіне және тиімділігіне орай зертханалық және клиникалық бақылаудан өтеді. Сондықтан оларды өндіру және өнеркәсіптік шығару мерзімі өте ұзақ. Сонымен қатар, өндіруші өндірілген вакцинаның әр партиясын тексереді.

Вакцинациядан кейін ағза әрдайым жауап беретінін түсіну керек. Белсенді реакциялар бар, бірақ олар өте сирек кездеседі. Мысалы, қызылшаға қарсы вакцинадан кейін құрысулар пайда болып, дене қызуы көтерілуі мүмкін. Егер адам екпе алмай, қызылшамен ауырса одан да ауыр түрдегі құрысулардың болатындығын дәлелдейді. Демек, сіз қауіпті және өлімге әкелетін инфекцияны жұқтыру немесе дәрігердің көмегімен сау ағзаға екпе салдыру арасынан таңдауыңыз қажет.

Бірақ көптеген ата-аналар екпелерді медициналық қызметкерлермен формальды түрде жасалады деп бағалайды. Көбінесе сауықтыру сипатына қарамайды, оның салдары негізсіз екпеден бас тартуға әкеліп соқтырады. Барлық ата-ана өз баласының саулығы мен денсаулығы үшін алаңдайды. Осындай қағида вакцинопрофилактика үшін де салауатты өмір салты ретінде негізгі болып қалыптасуы тиіс. Ата-аналардың өз балаларының денсаулығына белсенді көңіл бөлуі және медициналық қызметкерлермен тығыз байланыста болуы вакцинопрофилактика үшін сенімді көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Балаңызды қазір ектіру арқылы, сіз тек сырқаттың алдын алып қана қоймай, ауыр асқынулардан сақтап қаласыз. Сырқаттанбай тұрып, балаңызға қазір көмектесіңіз.  

М.КӨБЕЙСІНОВА,

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау (СЭБ) комитеті Алматы облысы бойынша СЭБ департаменті бас маманы

Сурет ғаламтордан алынды