ОБЛЫСТА ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАН 52 АДАМ ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНДЕ ЖАТЫР

Уақыты: 04.08.2021
Оқылды: 1325
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында 4 тамыздағы мәлімет бойынша 315 адам коронавирус жұқтырған. Індетке шалдыққан 52 адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соның ішінде, Алакөл ауданында – 5, Балқаш ауданында – 4, Еңбекшіқазақ ауданында - 28, Ескелді ауданында – 19, Жамбыл ауданында – 30, Іле ауданында - 21, Қарасай ауданында - 56, Қаратал ауданында - 16, Кербұлақ ауданында – 9, Көксу ауданында – 5, Панфилов ауданында – 13, Райымбек ауданында – 4, Сарқан ауданында – 1, Талғар ауданында – 48, Ұйғыр ауданында – 10, Кеген ауданында – 1, Қапшағай қаласында – 9, Талдықорған қаласында – 26, Текелі қаласында - 10 адамнан індет анықталды.

Өткен жылдың тамызынан бері облыста анықталмаған пневмонияның 5608 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте ауырғандар саны – 7, бұл ауырғандардың барлығы Еңбекшіқазақ ауданында. Олармен 4 адам қарым-қатынаста болған, барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде.

Бүгінгі күні Алматы облысында 2590 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 52-сі жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 296 адам түсті, 252-сі шығарылды. Төсек саны - 4 640, жүктемесі - 55,8 пайыз.

Соңғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 807 714 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 7968.

Кешеден бері Алматы облысында короновирусқа қарсы вакцинаның 1 компонентін 5304 адам, 2 компонентін 11947 адам салдырып үлгерді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды