ІЛЕ АЛАТАУЫНА ШЫҚҚАН РЕСЕЙЛІК ТУРИСТІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ КҮРТ НАШАРЛАДЫ

Уақыты: 04.08.2021
Оқылды: 1352
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Іле Алатауына шыққан ресейлік туристің жағдайы күрт нашарлады. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Ресей Федерациясынан келген туристер тобына құтқарушылардың көмегі қажет екендігі туралы ақпарат келіп түскен. Олардың жалпы саны - 15 адам.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, туристер Советтер шыңына көтерілген. Шыңды бағындыру кезінде олардың бірінің жағдайы күрт нашарлаған. Алайда топ ішінде дәрігер болғандықтан, ол науқастанған туристің өт қабында тас болуы мүмкін екенін айтқан.

Республикалық жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы мен кинологиялық топ дереу іздестіру-құтқару жұмысына шықты. Туристер бір күннен кейін Советтер шыңының асуынан (теңіз деңгейінен 3700 метр биіктікте) табылды. Жағдайы нашарлаған бойжеткенге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Бұл аймақтағы таулы жер таяз және тік жартасты шөгінділерден тұратындықтан, зардап шеккен адамды зембілмен тасымалдауға болмайды. Себебі, тасымалдау кезінде қыздың жағдайы одан әрі нашарлауы мүмкін еді. Алматы қаласының құтқару қызметі әуе бортын ұсынды.

Айта кету керек, бұл топ 29 шілдеде Республикалық жедел-құтқару жасағында тіркелгендіктен құтқарушылар туристердің маршрутын білген. Бұл іздеу уақытын қысқартуға көмектесті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"