БІР ТӘУЛІКТЕ 342 АДАМ АУРУХАНАҒА ТҮСТІ: ОБЛЫСТА ЭПИДАХУАЛ КҮРДЕЛІ

Уақыты: 05.08.2021
Оқылды: 1553
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында 5 тамыздағы жағдай бойынша былтырдан бері барлығы зертханалық расталған 33659 індет дерегі тіркелді. Ал соңғы тәулікте 320 адам вирус жұқтырған. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Соның ішінде, Алакөл ауданында – 7, Балқаш ауданында – 4, Еңбекшіқазақ ауданында - 25, Ескелді ауданында – 10, Жамбыл ауданында – 20, Іле ауданында - 15, Қарасай ауданында - 48, Қаратал ауданында - 14, Кербұлақ ауданында – 15, Көксу ауданында – 24, Панфилов ауданында – 33, Сарқан ауданында – 11, Талғар ауданында – 43, Ұйғыр ауданында – 5, Кеген ауданында – 2, Қапшағай қаласында – 6, Талдықорған қаласында – 28, Текелі қаласында - 10 адамнан індет белгісі табылды.

Анықталмаған пневмония бойынша соңғы тәулікте ауырғандар саны – 97. Олар - Еңбекшіқазақ (9), Қарасай (75), Кеген (10) аудандарында, Талдықорған (3) қаласында анықталды. Олармен 44 адам қарым-қатынаста болған, барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде жатыр.

Бүгінгі күні 2644 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 56-сы жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 342 адам түсті, 288-і шығарылды. Төсек саны - 5000, төсек-орын толымдылығы - 52,8 пайыз.

Облыста ПЦР тәсілімен 811 мың 730 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 9957.

Соңғы тәулікте короновирусқа қарсы вакцинаның 1 компонентін 5474 адам, 2 компонентін 10403 адам салдырды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан