АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 500 МЫҢ ТҰРҒЫНЫ ЕКПЕНІ ТОЛЫҚ ҚАБЫЛДАП ҮЛГЕРДІ

Уақыты: 20.08.2021
Оқылды: 906
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация бойынша соңғы мәлімет жарияланды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Бүгінгі таңда Алматы облысында коронавирустық инфекцияға қарсы І компонентпен 635 211 мың адам егілді, оның ішінде, мемлекеттік қызметкерлер – 12 212, медицина қызметкерлері – 23 608, педагогтар – 39 115, Төтенше жағдайлар, Қорғаныс, Ішкі істер минстрліктері, ҰҚК, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері – 21 307, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері – 204, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері – 839, вахталық әдіс қызметкерлері – 473, теміржол саласының қызметкерлері – 2698, тамақ өнеркәсібінің жұмыскерлері – 1892, өнеркәсіптік құрылымдардың жұмыскерлері – 3066, сауда кәсіпорындарының қызметкерлері – 3448, әуежайлар мен авиакомпаниялар қызметкерлері - 158, дипломатиялық және консулдық мекемелердің, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері – 15, ұлттық халық санағын өткізу үшін интервьюерлер – 5, ҚР Президенті іс басқармасы контингенті – 27, созылмалы аурулары (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесі) бар адамдар – 5676, медициналық-әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті –1950, студенттер – 12 241, учаскелік полиция қызметкерлері – 783, ұлттық құрама командалардың мүшелері – 29, басқа саладағы халық саны – 505 465. Ал екпенің ІІ компонентімен 501 907 адам егілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"